Лабораторлық жұмыс №10.
Тақырыбы: Фотографиямен жұмыс. Кескінді баспаға шығару.
Мақсаты: Текстті жасау және редактерлеу амалдарымен танысу.
Тапсырмалар: Adobe Photoshop
программасында жұмысты ұйымдастыру.
Тексттік эффектілерді құруда әр түрлі дизайнерлік тәсілдерді қолдану.
1. Grayscale (Полутоновый) режимде еркін форматта дайындама құрыңдар. Фонның түсі ақ, ал алдыңғы қатардағы түс–қара болуы керек. Frost мәтінін жазыңдар, қаріп типі
– Century.

2. Layer (Қабат) тақтасын ашыңдар және мәтіні бар қабатта тышқанның оң жағын шертіңдер. Пайда болған мәзірде Rasterize Layer (Қабатты растрлау) пунктін таңдандар. Содан соң оны төменгі қабатпен біріктіріңдер. Сиқырлы таяқшамен мәтінді белгілендер, ол үшін бір әріпін белгілеп, кейін
белгіленген жерде тышқанның оң жағын шертіп, шыққан мәзірден Similar (Ұқсас) пунктін таңдандар.
3. Жазбаның кристаллдылығын орындандар: Filter–Pixelate–Crystallize (Сүзгі–Безендіру–Кристаллдау) Кристаллдау ұяшығының өлшемін 10-ға теңестіру керек.

4. Ол үшін шуылды қосу керек: Filter –Noise –Add Noise (Сүзгі –Шуыл –Шуылды қосу). Amount (Эффект) параметріне 70 % береміз және Monochromatic
(Монохромдық)
жалаушасын орнатыңдар.

5. Осы әрекеттен кейін суреттегідей бейне шығуы керек.

6. Осындай эффектерден кейін мәтінді жұмсарту керек, ол үшін Gaussian Blur: Filter –Blur –Gaussian Blur (Сүзгі –Жағу –Гаусс бойынша жағу) сүзгісін қолданамыз.
7. Түстік коорекцияларды түзету үшін Image –Adjustments –Curves (Бейне
–Регулировка –Қисық) немесе Ctrl+M үйлесімдерін шертіңдер. Cурретте бейнеленген
қисыққа ұқсас өздерін қисық сызыңдар.

8. Енді мұздықтарды құру қалды. Ол үшін алдымен Image –
Rotate Canvas –90 CW (Бейне – Холсты бұру –900), содан соң Filter –Stylize –Wind
(Сүзгі– Стилдеу –Жел) командасын таңдау керек. Wind (Жел) сүзгісін баптау: Method (Әдіс) –Wind (Жел), Direction (Бағыт) –From the Right (жел оң жақтан).

9. Холсты бастапқы орнына алып келіңіз: Image –Rotate Canvas –90 CCW (Бейне –Холсты бұру –900).
10. Енді мұзды бояу қалды. Бейнені түстік режимге ауыстырыңдар RGB: Image –Mode –RGB Color (Бейне –Режим –RGB). Енді Image
–Adjustments –Hue / Saturation (Бейне –Регулировка –Түс/ Қанықтылық) командасын орындандар. Colorize
(Тонирование) жалаушасына келесідей параметрлерді орнатыңдар: тон (Hue) –198, қанықтылығы (Saturation) –54, жарықтылығы (Lightness)–0.
11. Мұздың жарқырауы үшін, Brush (Қылқалам) құралын алып және Airbrush Capabilities (аэрограф мүмкіндіктері) режимін жұмысқа кірістіріңдер. Мәтін жалтылдауы үшін жұлдызша түріндегі қосымша қылқаламдарды қолданыңыздар.

Әдебиеті:
1 Компьютерная
графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе.
Харьков «Фолио»
Москва «АСТ», 2001.
Бақылау сұрақтары:
1. Brush (Қылқалам) құралының қызметі неде?
2. Текстті редактрлеу амалының жолын көрсет.
3. Текстті жазу үшін қандай құрал қолданылады?